Жаңалықтар

 

10 қараша 2011

Біздін сайт ашық

 

Құрметті ата-аналар!

 

«Ар-Дана» қазақ тілді жеке меншік балабақшасы сіздерді өзінің сайтында қарсы алады!

«Ар-Дана» бала бақшасы Алматы қаласының Әуезов ауданының қазақ тілді балаларды оқыту орны болып табылады. Бала бақшаның өз алдына қоятын басты мақсаты – балаларды қазақ халқының дәстүрлерін сақтай отырып қазақ тілді тәрбие беру. Сонымен қатар, баланың талабына және ата-анасының жағдайына байланысты ағылшын, неміс тілдерін үйрету.

 

Бала бақшада мемлекеттік талаптарға  сай барлық жағдай жасалынған.

 

Қазақ тілді «Ар-Дана» бала бақшасы балаға келесілерді бере алады:

  • Баланың жан жақты дамуына мүмкіндік беру;
  • Әр балаға деген жеке көз қарас, жайлы жағдай жасау;
  • Мектепке дейінгі білімді және тәрбиені қазақ тілінде беру (қосымша ағылшын тілін, арнайы Гете институтының дайындаған бағдарламасымен неміс тілдерін үйрету)
  • Балалардың музыкалық қасиеттерін ашу және оларды ары қарай дамыту (фортепианода және басқада музыкалық аспаптарда ойнауды үйрету, ән айту, хореография сабақтары);
  • Медициналық қадағалауды қамтамасыз ету;
  • 5 уақыттық тамақтандыру;
  • Салауатты өмір салтын жүргізуге балаларды баулу (сауықтыру кештері және спорт үйірмелері)

 

«Ар-Дана» бала бақшасы 2 жас және одан үлкен жас аралығындағы балаларды қабылдайды. 1 топқа 6-10 балаға дейін қабылданыды.

 

№ 0162809 Серия АА-4 25.07.2011 ж. Мемлекеттік лицензияға сәйкес Медициналық  қызмет көрсетумен айналысуға рұқсат қағазы бар.
№ 0162924 Серия АА-5 20.09.2011ж. мемлекеттік лицензияға сәйкес Мектепке дейінгі білім беруге рұқсат қағазы бар.

 

 

Фотогалерея

 

 

 

© 2011. Ar-Dana.kz. Создание сайтов в Алматы