Жаңалықтар

 

10 қараша 2011

Біздін сайт ашық

 

Оқыту процесі

 

 

Оқыту және тәрбие жұмыстары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Педагог-тәрбиешілер сабақтарды және жан жақты дамыту тәрбие жұмыстарын «Балбөбек» мектепке дейінгі білім беру жүйесінің негізінде жүргізеді. Жүйенің негізінде баланың қасиеттерін барынша дамытуға, баланың қызығушылығын оятуға деген бағдарламалар жатыр. Сонымен қатар баланың ата-анасымен деген қоршаған ортасына деген дұрыс көз-қарасын қалыптастыруға байланысты бағдарламалар енгізілген.

 

Оқыту және тәрбие беру баланың жеке қасиеттері мен талаптарына сай жүргізіледі. Біздің бала бақша баланың инттелектуалды, эмоционалды және физикалық дамуына тиімді жағдай жасайды. Бала бізден алған білімін ары қарай мектепте және күнделікті өмірде қолдана алатындай тәрбие береміз.

 

Біздің бала бақша туралы қысқаша мәлімет

 

 

Ата-ана ең алдымен өзінің баласына бала бақша таңдаған кезде, оның ол жерде өзін жақсы және жайлы, қауіпсіз сезінетіндігіне көздерін жеткізгілері келеді. Баласының бала бақшаға баруға деген ынтасының жоғары болғанын қалайды. Ата-ана бала бақшада баласын жақсы тамақтандыратындығына, сонымен қатар тамақ мәрізінің көп түрлілігіне, бала бақшадағы сабақтардың жоғары деңгейде өтетіндігіне және сабақтар балалардың жас аралықтарын ескере отырып соңғы талаптарға сай өткізілетіндігіне, баласының жан жақты дамуына әсер ететіндігіне толық сенімді болғылары келеді.

 

Қазақ тілді жеке меншік «Ар-Дана» бала бақшасы бұл -  әр балаға деген жеке көз-қарас, баланы жан жақты дамытатын сабақтар, қызықты ойындар. Бала бақшада бала өзін үйдегідей жақсы әрі жайлы сезіне алады. Балаға ата-анасымен қоштасуын барынша білдіртпеуге тырысамыз.

 

Біздің бала бақшаның тәрбиешілері өте білікті мамандар болып табылады. Олар балалармен жұмысты қалай жүргізу керектігін өте жақсы біледі және балаларды қатты жақсы көретін мамандар. Тәрбиешілер балалардың әр қайсысының мінезін зерттей отырып оларға достық, үлкендерді сыйлау және де басқа жақсы қасиеттерді үйретуге барынша ат салысады.

 

Біздің бала бақшада әр бала өз алдына дербес тәуелсіз болуды, жауапкершілікке үйренеді. Бала бақшада әр бала өзін дербес тұлға екендігін сезіне алады. Себебі, әр балаға өзінің ойын білдіруге мүмкіндік жасалынған және ол ойлар біздің тараптан толығымен тыңдалып ескеріледі.

 

Бала бақшада балалардың дұрыс және жақсы тамақтануына үлкен көңіл бөледі. Сол себепті тамақтың басты мәзірене қосымша жеміс жидектер кіргізілген. Кейбір жағдайларда, егер балаға арнайы тамақ мәзірін дайындау керек болса, ата-аналардың және арнайы медицина мамандардың ескертулерімен дайындалынады.

 

Біз ата-аналармен жақсы қарым-қатынас орнатуға тырысамыз. Олар әр қашан біздің бала бақшаның арнайы педиатор дәрігерінен кеңес ала алады және ол дәрігер сапалы кеңес беретіндігіне сенімді болыңыздар.
Біздің бала бақша балаларды 2 жастан бастап қабылдайды. Бала өзін біздің бала бақшаға жоғары білімді мамандардың көмегімен тез үйреніп кетеді.

 

 

 

Фотогалерея

 

 

 

© 2011. Ar-Dana.kz. Создание сайтов в Алматы